378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

«Барыс» «Авангардты» ұта алмады

  • 144
  • UPD: 23:29, 14.03.2019
«Барыс» «Авангардты» ұта алмады prosports.kz

«Барыс» омбылық «Авангард» (Ресей) командасымен құрлықтық хоккей лигасы шығыс конференциясында плей-офф кезеңінің жартылай финалының алғашқы ойынын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Есепті алғаш «Авангард» командасы ашты. Ойынның 11-минутында Кирилл Петров шайба соқты. Бұдан кейін Илья Михеев 17-минутта есепті үделетті. Осылайша, ойынның бірінші кезеңінде «Барыс» аталмыш қарсыласынан 0:2 есебімен жеңілді. Екінші кезеңде қазақстандық клуб сапынан Андре Петеррсон есепті ашты. Алайда соңғы минуттарда «Авангард» ойыншысы Сергей Широков бос қалған қақпаға шайба соқты. Осылайша 1:3 есебімен «Барыс» командасы «Авангардтан» жеңілді. Келесі ойын 16 наурызда Астана қаласында өтеді.

Хабар 24 телеарнасы