389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Жеңіліп көрмеген Нұрсұлтановтың АҚШ-тағы келесі қарсыласы белгілі болды

  • 361
  • UPD: 16:45, 15.03.2019
Жеңіліп көрмеген Нұрсұлтановтың АҚШ-тағы келесі қарсыласы белгілі болды 365Info

Жеңіліп көрмеген қазақстандық боксшы Мейірім Нұрсұлтановтың келесі қарсыласының есімі белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

Спорт порталының мәліметінше, 24 наурызда Голливудта Hollywood Fight Nights бокс кеші өтеді. Бұл кеште Нұрсұлтанов пуэрториколық Луис Эрнандеспен жұдырықтасады. Қазақстандық боксшының қарсыласы кәсіпқой рингте 24 кездесу өткізіп, 16 жеңіске жеткен және жеті рет жеңілген.

Айта кетейік, Эрнандес мұның алдында тағы бір қазақстандық боксшы Мадияр Әшкеевпен жұдырықтасқан. Жекпе-жек Әшкеевтің жеңісімен аяқталған болатын. Осы бокс кешінде Али Ахмедов те өнер көрсетеді. Қазақстандық нокаутшы Майк Гаймен (9-3-1, 5 КО) жұдырықтасады. Жекпе-жек алты раундқа есептелген және Ахмедов үшін суперорта салмақта алғашқы кездесу болады.

Хабар 24 телеарнасы