389,65 428,03 6.01
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қарағандыда теннис кортының құрылысы уақытша тоқтатылды

  • 326
  • UPD: 23:39, 15.03.2019
Қарағандыда теннис кортының құрылысы уақытша тоқтатылды

Қарағандыдағы орталық саябақта салынады деп жоспарланған теннис кортының құрылысы уақытша тоқтатылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Оның болашағы тек қоғамдық тыңдау өткен соң ғана белгілі болмақ. Ал ол жиынның қай күні болатыны әлі анықталған жоқ. Қазір құрылыстың қоршауы алынып тасталды.

Естеріңізге сала кетейік, саябақта теннис корты салынады дегенді естіген қалың жұрт қарсы шығып, әлеуметтік желіде жаппай наразылықтарын білдірген еді. Себебі құрылыс кезінде қаншама ағаш оталады, – дейді табиғат жанашырлары. Алайда қала әкімі талдардың кесілмейтініне кепілдік беріп отыр. Барлық ағаш қазылып алынып, өзге жерге отырғызылады, – деді ол. Айта кетейік, Теннис федерациясының тапсырысымен алдағы бірер жылда саябақтағы 1,5 гектар аумақта бірнеше спорт нысаны бой көтермек. Жоба құны 2 миллиард теңгеден асады. Себебі, жастар арасында спорттың бұл түріне сұраныс жоғары көрінеді. Ал шаһардағы бұған дейін салынған екі корт жаттығуға аздық етеді екен. Бірақ тұрғындар құрылысқа орталық саябақтың таңдалғанына наразы. «Бос жатқан басқа ауданға салса да болар еді», – дейді қоғам белсенділері. 

Диас Досқараев, ҚР Теннис федерациясының вице-президенті:

- Егер қоғамдық тыңдау кезінде халықтың басым бөлігі құрылысқа қарсы шықса, әрине, бұл жерге корт салынбайды. Сондықтан әліптің артын бағып, жиынды күтейік.

Хабар 24 телеарнасы