378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Дмитрий Морозов конькимен жүгіруден халықаралық турнирде бірінші орын алды

  • 106
  • UPD: 12:38, 16.03.2019
Дмитрий Морозов конькимен жүгіруден халықаралық турнирде бірінші орын алды Olympic.kz

Канаданың Калгари қаласында өткен конькимен жүгіруден халықаралық турнирде қазақстандық Дмитрий Морозов бірінші орын алды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

5000 метрге жарысудан Морозов бірінші орын иеленді. Ол бұл қашықтықты 6.19.63 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өткен. Қазақстан рекордын жаңарту үшін оған 0.33 секунд жетпей қалды. 

Осы қашықтықта сынға түскен тағы бір қазақстандық Виталий Щиголев төртінші орын иеленсе, Демьян Гаврилов 13-орында. 

Халықаралық турнирге 8 мемлекеттен 300-ге жуық спортшы қатысуда.

Хабар 24 телеарнасы