389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Су добынан Қазақстан чемпионатының екінші тур ойындары өтті

  • 356
Су добынан Қазақстан чемпионатының екінші тур ойындары өтті Olympic.kz

11-15 наурыз аралығында Алматыда су добынан 2002 жылы туған және одан кіші жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионатының екінші тур ойындары өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Екінші турға Алматы, Алматы-2, Астана, Тараз, Қарағанды, «Динамо-фитнес» командалары қатысқан болатын. 

Турнир қорытындысы бойынша 20 ұпай жинаған Алматы командасы көш бастап келеді. Екінші орынды 14 ұпай иеленген Қарағанды мен Тараз командалары бөліссе, төртінші сатыға Астана командасы тұрақтады. 

Су добынан Қазақстан чемпионатының үшінші тур ойындары 2-6 мамыр күндері Алматыда өтеді. 

Хабар 24 телеарнасы