375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Роналду Португалия құрамасына оралды

  • 125
  • UPD: 21:46, 16.03.2019
Роналду Португалия құрамасына оралды

Португалия ұлттық құрамасының бапкерлер алқасы EURO-2020 іріктеу кезеңі аясындағы матчтарға шақырту алған ойыншылардың тізімін жариялады.

Аталған тізімде құраманың бас мергені әрі капитаны Криштиану Роналду да бар. Ол өткен жылғы әлем чемпионатынан кейін ұлттық құрамаға алғаш рет оралып отыр. «Ювентус» шабуылшысы Португалия құрамасының «Ұлттар лигасы» аясындағы матчтарына қатысқан жоқ.  

Португалия құрамасы EURO-2020 іріктеу кезеңі аясында екі матч өткізеді. Алғашқысы 22 наурызда Украинамен, ал екіншісі 25 наурызда Сербия құрамасына қарсы өтеді.

prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы