378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Теннисші М.Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты

  • 92
  • UPD: 07:37, 17.03.2019
Теннисші М.Кукушкин АҚШ-тағы турнирдің финалына шықты Нок РК

Қазақстанның бірінші, әлемнің 43-ракеткасы Михаил Кукушкин Финикс (АҚШ) челленджер турнирінің финалына шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Михаил Кукушкин жартылай финалда дүниежүзілік рейтингте 168-орында тұрған италиялық Сальваторе Карузомен шеберлік байқасты. Қазақстандық теннисші бірінші партияны 6:1 есебімен айқын басымдықпен ұтты. Екінші сет әлдеқайда тартысты өрбіді. Есеп 5:4 болып тұрған мезетте М.Кукушкин матчболды пайдалана алмады. Дегенмен тағы бір сондай мүмкіндігін мүлт жіберген жоқ – 7:5.

Бәсеке 1 сағат 40 минутқа созылды. Михаил Кукушкин финалда әлемнің 57-ракеткасы, тағы бір италиялық Маттео Берреттини немесе дүниежүзілік рейтингте 88-сатыда тұрған аргентиналық Гвидо Андреоццидің қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.

Хабар 24 телеарнасы