Бүгін, 17 наурызда жеңіліс дәмін татпаған қазақстандық боксшы Батыр Жүкембаев (14-0, 12 КО) жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Батыр Жүкембаев мексикалық боксшы Карлос Хименеспен (14-9-1, 8 КО) жұдырықтасуы қажет болатын. Алайда оның қарсыласы өзгерді. Батыр мексикалық боксшы Хильберто Месамен (10-5-1, 6 КО) қолғап түйістірді.
9 раундқа созылған жекпе-жекте төрешілердің бірауыздан қабылданған шешімімен жеңіс қазақстандық боксшыға берілді (98:92, 98:92, 98:92).
Осылайша Батыр кәсіпқой рингтегі 15-жеңісіне қол жеткізді.