378,17 430.15 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Георгий Шейко Азияның күміс жүлдегері атанып, олимпиадаға іріктеу нормативін орындады

  • 156
  • UPD: 11:31, 17.03.2019
Георгий Шейко Азияның күміс жүлдегері атанып, олимпиадаға іріктеу нормативін орындады

Жапонияның Номи қаласында спорттық жүрістен Азия чемпионаты аяқталып, 20 шақырымдық жарыста қазақстандық Георгий Шейко күміс медаль иеленді деп хабарлайды Olympic.kz. 

Шейко аталған қашықтықты 1 сағат 20 минут 21 секундта жүріп өтті. Біздің спортшы жапондық Тошиказа Яманишиге ғана есе жіберді. Жарыс жеңімпазының уақыт көрсеткіші – 1:17:15. Үшінші орында кореялық спортшы Чо. 

Айта кетелік, Георгий Шейко 2020 жылғы Олимпиада ойындарына қатысуға мүмкіндік беретін нормативті орындады. Жолдамаға ілігу үшін 20 шақырымды 1:21:00 уақыт көрсеткішінде жүріп өтуі тиіс. 

Хабар 24 телеарнасы