377,65 427.65 5.89
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Екатерина Айдова мен Александр Кленко Калгаридегі халықаралық турнирде екінші сатыдан көрінді

  • 96
  • UPD: 12:09, 17.03.2019
Екатерина Айдова мен Александр Кленко Калгаридегі халықаралық турнирде екінші сатыдан көрінді

Канаданың Калгари қаласында өтіп жатқан конькимен жүгіруден халықаралық турнирде қазақстандық Екатерина Айдова екінші орын иеленді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Айдова 3000 метрді 4.06.12 уақыт көрсеткішінде жүгіріп өтіп, екінші орынға табан тіреді. Өкінішке қарай, осы қашықтықта 2001 жылдан бері өзгертілмеген Қазақстан рекордын жаңартуға 1.1 секунд жетпей қалды. 

100 метрге жүгіруден Александр Кленко 2-ші, Иван Аржаников 20-шы орын иеленсе, 500 метрде спортшылар тиісінше 11-ші және 18-ші сатыдан көрінді. 

10 000 метрге жүгірген стайерлер жарысында Дмитрий Морозова 4-ші орын иеленіп, ел рекордына түзету енгізді. Ол 13.03.94 уақыт көрсеткішін тіркеді. 

Хабар 24 телеарнасы