389,91 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Данияр Елеуcінов әлемдік рейтингте шарықтады

  • 435
  • UPD: 12:41, 17.03.2019
Данияр Елеуcінов әлемдік рейтингте шарықтады Prosports.kz

Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов BoxRec бойынша әлемдік рейтингте позициясын жақсартты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Таяуда Елеуінов сегіз раундтық кездесу өткізіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімі бойынша мексикалық Сильверио Ортисті жеңді.

Осы жеңістен соң Елеусінов BoxRec рейтингінде жартылай орта салмақта 185-орыннан 137-ге көтерілді. Өз кезегінде Ортис рейтингте айтарлықтай төмен түсті. Жеңілістен соң ол 314-тен 500-орынға төмендеді.

Елеусіновтың салмағында WBO чемпионы американдық Теренс Кроуфорд көш бастап тұр. Қазақстандықтар арасында 101-орында келе жатқан Бобиржан Момынов қана Даниярдан алда келе жатыр.

Елеусінов кәсіпқой рингте алғаш рет сәуірде өнер көрсеткен. Алты жекпе-жектің үшеуін АҚШ-та, екеуін Ұлыбританияда және біреуін Монакода өткізген.

Хабар 24 телеарнасы