375,90 426.35 5.80
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ

Сайхан Тайсуев ауыр атлетикадан әлем чемпионатының үздік спортшысы атанды

  • 133
  • UPD: 12:54, 17.03.2019
Сайхан Тайсуев ауыр атлетикадан әлем чемпионатының үздік спортшысы атанды

Лас-Вегаста ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты аяқталып, халықаралық ауыр атлетика федерациясы дүбірлі доданы қорытындылады, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жасөспірім ерлер арасында 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен қазақстандық Сайхан Тайсуев әлемдік сынның ең үздік спортшысы атанды. Ол осы салмақта әлем рекордын орнатып, чемпиондық атақты жеңіп алған болатын. 

Одан бөлек, Қазақстан командасының еншісінде тағы да төрт алтын бар. 

АҚШ-тағы әлем чемпионатына 42 елден жалпы есебі 175 спортшы қатысты. 26 мемлектетің атлеттері жүлдеге иелік етті, оның ішінде 15 мемлекет алтын медаль жеңіп алған. 

Хабар 24 телеарнасы