388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Хабар» арнасында кәсіби бокс кеші өтеді

  • 1013
  • UPD: 09:49, 19.03.2019

Наурыздың 24-і күні «Хабар» арнасында кәсіби бокс кеші өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Көрермендер жеңіліс көрмеген қазақстандық спортшылардың үш жекпе-жегін тікелей эфирде тамашалай алады. WBA және WBO чемпиондық титулдары үшін Айдос Ербосынұлы, Садриддин Ахмедов пен Нұрсұлтан Жаңабаев бақтарын сынайды. Олардың қарсыластары – Венесуэла, Индонезия және Оңтүстік Африка Республикасының былғары қолғап шеберлері. Тікелей көрсетілім 22:00-де басталады.

Айдос Тұрысбек, «Хабар» телеарнасының бас продюсері:

- Жігіттер осал емес. Барлық жекпе-жектерін жеңіспен аяқтаған. Оның басым бөлігін нокаутпен жеңген. Сондықтан алдағы кездесулер өте тартысты болады деп сенемін. Алматыда болмаған кісілер «Хабар» арнасының эфирінен көріп, 22-сі күні кешкі 10-да біздің жерлестерімізге жанкүйер болуларыңызды сұраймыз.

Хабар 24 телеарнасы