389,98 432,20 6.09
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


УЕФА Криштиану Роналдуға қарсы тәртіптік іс қозғады

  • 478
  • UPD: 23:46, 18.03.2019
УЕФА Криштиану Роналдуға қарсы тәртіптік іс қозғады RT

«Ювентус» клубының шабуылшысы Криштиану Роналду Чемпиондар лигасының 1/8 финалы аясында «Атлетикоға» (3:0) қарсы өткен матчтағы тәртіпсіздігі үшін жазалануы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz сайты. 

УЕФА португалиялық футболшыға қарсы тәртіптік іс қозғаған. Тергеудің нәтижесі 21 наурыз күні белгілі болады. 

Криштиану Роналду «Атлетикоға» қарсы өткен матчта мадридтік команданың бас бапкері Диего Симеоненің қимылын қайталаған болатын. Футболшы командасының голынан кейін қолымен шап тұсын ұстап жанкүйерлерге бұрылған. Бұл қимыл үшін Диего Симеонеге 20 мың еуро айыппұл салынған еді. Енді Роналдуды жаза күтіп тұр.

Хабар 24 телеарнасы