379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Головкин америкалық боксшымен жұдырықтасуы мүмкін

  • 237
  • UPD: 16:25, 20.03.2019
Головкин америкалық боксшымен жұдырықтасуы мүмкін © BoxingScene.com

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы қазақстандық Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) 2019 жылғы алғашқы жекпе-жегінде америкалық 29 жастағы Брэндон Адамспен (21-2, 13 КО) жұдырықтасуы мүмкін. Бұл туралы The Ring және FOX Sports журналисі Майк Коппинджер мәлімдеді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Инсайдер күзде мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен үшінші жекпе-жек өткізу жоспарланып отырғандықтан, қазақстандыққа қарсы оны жеңіп кетуі мүмкін қарсылас қоймайтынын айтады.

«Мәлімет көздері: Брэндон Адамсқа орта салмақта Геннадий Головкинге DAZN-дегі алғашқы жекпе-жегіне қарсылас болу ұсынылды. The Contender (америкалық спорттық реалити-шоу) соңғы маусымын ұтқан Адамс GGG-дің маусым айына жекпе-жегіне қарсылас ретінде қарастырылып отыр.

GGG өзін жеңіп кетуі мүмкін боксшымен жұдырықтаспайды, DAZN «Канеломен» күзгі айқасына қанша құйып отырғанын есепке алу керек. Бокстағы бұл тәсіл көнеден келе жатыр. GGG - Адамс жекпе-жегімен қиындықтар туындамайды», - деп жазды Коппинджер Twitter желісінде.

Хабар 24 телеарнасы