379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуро-2020: Қазақстан құрамасы Шотландияны 3:0 есебімен тізе бүктірді

  • 302
  • UPD: 22:57, 21.03.2019
Еуро-2020: Қазақстан құрамасы Шотландияны 3:0 есебімен тізе бүктірді kff.kz

Спортсүйер қауым үшін сүйінші жаңалық!

Футболдан Қазақстан құрамасы 2020 жылғы Еуропа біріншілігіне іріктеу турнирінде алғашқы жеңісіне жетті. Біздің команда «Астана-Арена» стадионында өткен кездесуде шотландиялық қарсыластарын 3:0 есебімен тізе бүктірді. Сол арқылы 3 ұпаймен «I» тобының көшін бастады. Енді ұлттық құрама 24 наурыз күні елордада Ресей командасына қарсы екінші кездесуін өткізеді.

Голдар: Перцух 6 (1:0), Вороговский 10 (2:0), Зайнутдинов 51 (3:0).

Хабар 24 телеарнасы