380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


EURO 2020: Қазақстан құрамасы Ресеймен кездесуге әзір

  • 329
  • UPD: 21:28, 23.03.2019
EURO 2020: Қазақстан құрамасы Ресеймен кездесуге әзір

Ертең елорда тұрғындары мен қонақтары футболдан кезекті тартысты матчты тамашалай алады, деп хабарлайды «Хабар 24».

2020 жылы кәрі құрлықта өтетін Еуропа біріншілігінің топтық іріктеу шеңберінде ұлттық құрама «Астана Аренада» азулы Ресей командасымен мықтылық байқасады. Осыдан 2 күн бұрын Станислав Черчесовтың шәкірттері Бельгиядан 1-3 есебімен ойсырай ұтылған болатын. Осыған байланысты, ресейліктердің елордада ұпай еншілеуден үміті зор. Еске салайық, 21 наурызда біздің аяқдопшылар өз алаңында Шотландияны қабылдап, үйлесімді ойын өрнегінің арқасында 3-0 есебімен жеңді.

Станислав Черчесов, футболдан Ресей құрамасының бас бапкері:

– Қазақстан құрамасының Шотландияны ойсырай жеңгеніне қарамастан, бізге осы матчтан ұпай алу қажет. Өйткені біз Бельгия командасынан жеңілдік. Сондықтан турнир кестесінде жоғары орындардан үміттіміз. Және біз нәтижелі ойын көрсетуге әзірміз.

Хабар 24 телеарнасы