376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада жекпе-жектен қала біріншілігі басталды

  • 151
  • UPD: 23:29, 24.03.2019
Елордада жекпе-жектен қала біріншілігі басталды

Бүгін елордада жекпе-жек ұлттық спорт түрінен жасөспірімдер мен жастар арасындағы қала біріншілігі басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бәсеке ашық болғандықтан, оған 10-ға жуық қаланың спортшылары қатысып жатыр. 80-нен астам үміткер 42-ден 85 келіге дейінгі салмақ дәрежелері бойынша өзара мықтыны анықтайды. Ал топ жарған спортшылар «Спорт шебері» атағын иеленіп, Ақтөбе қаласында өтетін республикалық додаға жолдама алады.

Хабар 24 телеарнасы