377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қ.Тоқаев Қазақстан мен Ресей арасындағы матчты тамашалауға барды

  • 445
  • UPD: 23:29, 24.03.2019

Дәл қазір «Астана-Аренада» Қазақстан мен Ресей арасындағы матч өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Өкінішке қарай, әзірге қарсылас команда 0:2 есебімен алда келеді. Айта кетейік, бұл ойынды стадионнан тамашалап отырған құрметті қонақтардың арасында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та бар. Ол Мемлекет басшысы ретінде ұлттық құрама ойынына алғаш рет қатысып отыр.

Еске салайық, бұл кездесу Еуропа біріншілігінің іріктеу кезеңі аясында өтіп жатыр.    

Хабар 24 телеарнасы