379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Көкпар ойынына енгізілген жаңа ереженің ерекшелігі неде?

  • 123
  • UPD: 11:33, 25.03.2019

Кез келген ойынды кәсіби спортқа айналдыру үшін көпшілікке ортақ ереже керек.

Ұлттық ойынымыз көкпарды халықаралық деңгейге көтеру мақсатында осындай қадам жасалды. Яғни енді серке тартудың дүниежүзілік тәртібі бар. Жаңа ереженің ерекшелігі неде?

Жылқының бабын, жігіттің бағын сынайтын көкпар ойынын әлемдік деңгейге әйгілі ету мақсатында атқарылып жатқан шаруа аз емес. Бүгінге дейін ойынның бұл түрінен Азия және Әлем чемпионаттары өткізілді. Осының арқасында түрлі елдердің көкпарға қызығушылығы артты. Бірақ кей ережелердің қаталдығы мен қауіптілігі оның кең етек жайуына кедергісін тигізіп отыр. Соны негізге ала отырып, ойын заңдылықтары заман талаптарына бейімделді. Халықаралық көкбөрі федерациясы және бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының кеңесімен көзге үйренген қазандық алынып, шеңберге шабу ережесін бекітті. Шешімді қауымдастыққа мүше мемлекеттердің барлығы мақұлдады.

Ром Әуезхан, Моңғолияның көкпар федерациясының президенті:

– Қазақ елі мен Қырғыз елі қазандыққа шауып келді. Бірақ көкпар спортының әлемдік деңгейге көтерілген жағдайы көп болмады. Ал енді мұны жаңа аренаға көтеру үшін ойынның ережесін өзгертуге тура келді. Одан қазандықсыз алып шеңберге ойнағанда көптеген спортшы осыны қолдағанының арқасында бүгін өзіміздің ой-пікірімізді ортаға салып, келесі халықаралық жарыстар қазандықсыз ойналатын болып, шешім қабылданды.

Рахат Жақсыбай, Бүкіләлемдік көкпар қауымдастығының атқарушы директоры:

–Біз елдердің ішкі жарыстарына, турнирлеріне өздерінің өткізетін жарыстарына араласпаймыз. Себебі ортақ ойын дегенімізбен Буз кочи, Ұлақ көкпары, лақ тартыш, көк бөрі, көкпар. Бұлардың жергілікті ерекшелігі бар. Яғни бұл ережелер халықаралық жағдайлардағы жарыстарға қатысты болады да, ішкі турнирлерге қатысты емес.

Ойынның ережесін көпшілікке ортақ, оңтайлы ету бастамасын Моңғолия, Венгрия және Тәжікстан елінің өкілдері көтерген. Себебі қазандыққа шабу кезінде ойыншы мен аттың жарақат алу жағдайы жиілеген. Ал уақытты 60 минуттан 40 минутқа қысқарту ұсынысын Өзбекстан тарапы көтерді.

Джураев Набиджан, «Улок-купкары» федерациясының президенті (Өзбекстан):

– Мен аттарды аяймын. Қазандыққа соғылып жатқанда жаным ашиды. Бірақ көпшілік сол ережемен ойнағандықтан, амалсыз біз де көндік. Бірақ қазір қазандықты алып тастауды ұсынып отырмыз. Сонымен қатар көкпар ойыны үш таймнан емес, 20 минуттан екі тайм қылуды айттық. Бұл атқа да, адамға да ауыр күш салмай, бар мүмкіндігін көрсетуге жеткілікті.

Бекболат Тілеухан, Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының президенті:

– Еуропада «гринпис» дейдін бар, жасылдар қозғалысы. Олардың көзқарасында алдында чемионат өткізгенде кәдімгідей бізге атлап қойған. «Сендер енді серкені тартып жатсыңдар», деген. Сондықтан Өзбекстан тарапынан болған ұсыныс бұл да – муляжбен ойнау. Оның үстіне қазір біздің федерацияға Венгрия, Түркия, Америка ниет білдіріп отыр. Франция кіреді деген ойымыз бар. Сондықтан еуропалықтардың менталитетін білесіздер. Мұндай нәрсеге қатаң қарағандықтан, осы нәрсеге біз мәжбүр болып отырмыз.

Әрине жоғарыда айтылғандай қабылданған ереже тек халықаралық ойындарда ғана қолданылады. Сондықтан ауыларалық додаларда семіз серкені тақымға басып, тарқасарда көпардың қуырдағын жеуге ешкім шектеу салған жоқ.

Авторы: Талғатбек Әбдіқожа

Хабар 24 телеарнасы