Warning
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 137
376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


ВТБ лигасы: «Астана» БК жарыс жолынан шығып қалды

  • 136
  • UPD: 19:02, 26.03.2019
ВТБ лигасы: «Астана» БК жарыс жолынан шығып қалды

Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Miami Open турнирінің 1/8 финалына шықты.

Латвиялық Анастасия Севастовамен кездескен жерлесіміз 1:6, 6:2, 6:3 есебімен басым түсті. Бүгін Путинцева чехиялық Каролин Плишковамен ширек финал жолдамасын сарапқа салады.

АҚШ-тың Майами қаласында теннистен «Мастерс» санатындағы айтулы турнир өтіп жатыр. Ұтыс қоры сегіз жарым миллион долларға жетеғабыл жарыстың 1/8 финалистері анықталды. Оңтүстікафрикалық Кевин Андерсон португалиялық Жоау Соузамен кездесіп, 6:4, 7:6 есебімен басым түсті. Андерсон ширек финал жолдамасын австралиялық Джордан Томпсонмен сарапқа салады. Швейцариялық Роджер Федерер де жарысты жалғастырады. 37 жастағы теннисші серб жігіті Филип Краиновичтің осал тұсын тапты. Есеп – 7:5, 6:3.  Федерер келесі айналымда орыс Даниил Медведевпен ойнайды. 

Баскетбол: «Химки» – «Астана» – 93:80

«Астана» командасының баскетболшылары ВТБ бірыңғай лигасындағы жеңісті жолдарын жалғастыра алмады. Мәскеу облысының «Химки» клубына қонаққа барған елордалықтар 80:93 есебімен ұтылып қалды. Алғашқы екі кезең тартысқа толы болды. Екі команда да алма-кезек ұпай алып, «Химкиліктер» сәл ғана басымдықпен алға шықты. Үшінші кезеңде қарсыластар тең тарасты. Соңғы жиырма минутта алаң иелері нәтижелі ойын көрсетіп, он ұпай айырмасымен ұзап кетті. Қорытынды есеп – 93:80. «Астана» командасы турнир кестесінде алтынша орынға түсіп қалды. Елордалықтар сапынан Джей Джей О’Брайен ең нәтижелі ойынымен көзге түсті. Оның еншісінде 19 ұпай бар. «Астана» ВТБ лигасындағы келесі кездесуін 30 наурызда елордада Пермь қаласының «Парма» клубымен өткізеді.

«Тоттенхэм» ойындарын жаңа стадионда өткізеді

Лондон қаласында тағы бір су жаңа футбол стадионы пайда болды. Енді «Тоттенхэм» қарсыластарын өз алаңында қабылдайды. Жоспар бойынша жаңа стадион маусым басында пайдалануға берілуі тиіс болатын. Алайда құрылыс жұмыстарындағы түрлі кедергілер әсерінен спорт кешенін ел игілігіне беру мәселесі кейінге шегеріліп келді. Жаңа аренаға 62 мыңнан аса жанкүйер сияды. Бұған дейінгі ойындарын Лондондағы «Уэмбли» стадионында өткізіп келген «Тоттенхэм» енді су жаңа алаңдағы алғашқы қарсыласын 3 сәуірде қабылдайды. Ағылшын премьер-лигасының 33 турында жаңа стадионға «Кристал Пэлас» қонаққа келеді.

Хабар 24 телеарнасы