379.86 423.80 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Санчес Головкиннің АҚШ-тағы бірінші жекпе-жегін еске түсірді

  • 146
  • UPD: 13:40, 27.03.2019
Санчес Головкиннің АҚШ-тағы бірінші жекпе-жегін еске түсірді видеодан үзінді

Геннадий Головкиннің (38-1-1, 34 КО) бапкері Абель Санчес қазақстандық боксшының америкалық аренадағы алғашқы жекпе-жегі қандай жағдайда өткенін айтып берді.

Америкалық көрермен алдында Головкин алғаш рет 2012 жылы польшалық Гжегож Проксамен жұдырықтасты. Нью-Йорк штатындағы Верон қаласында өткен бұл жекпе-жекке GGG 23-0 рекордымен шығып, бесінші раундта қарсыласын техникалық нокаутпен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Бұл кездесу HBO арнасынан көрсетілді, 45 жылдан кейін телеарна биылдан бастап бокс көрсетілімін тоқтатты. HBO арнасы Головкиннің 15 жекпе-жегін трансляциялаған екен.

«2012 жылдың 1 қыркүйегі. HBO арнасы бізді өз шоуына қосуды жалындық, жылап сұрадық. Екі жігіт жарақат алып, бізді қателесіп жекпе-жекке қойды. Геннадий өзін жақсы көрсетті. Осынша қысқа уақытта тамаша іс өткердік деген ойдамын. Ол спорттық мансабының шыңына жетті. Елі мақтан тұтатындай еңбек етті және біз онымен бірге жұмыс істейтінімізге мақтанамыз», - деді Санчес Villainfy Media тілшісіне берген сұхбатында.

HBO арнасымен келісімшарт бойынша соңғы жекпе-жек 2018 жылы қыркүйектегі Сауль «Канело» Альвареспен (51-1-2, 35 КО) қарымта өткізген еді. Головкин бұл жекпе-жекте төрешілердің шешімімен жеңіліп, WBC, WBA (Super) және IBO белбеулерінен айырылды. Жақында Головкин жаңа телесеріктеспен - DAZN стриминг қызметімен келісімшарт жасасты.

Хабар 24 телеарнасы