376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Асхат Уәлиханов келесі жекпе-жегін 30 наурызда өткізеді

  • 172
  • UPD: 18:05, 27.03.2019
Асхат Уәлиханов келесі жекпе-жегін 30 наурызда өткізеді

2019 жылғы 30 наурызда 28 жастағы қазақстандық кәсіпқой боксшы Асхат Уәлиханов (4-1-0, 2 KO) кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Уәлихановтың қарсыласы – Пуэрто-Рико елінің 27 жастағы боксшысы Хосе Лопес (11-1-0, 9КО).

Бірінші жартылай орташа салмақ санатында (63,5 келі) өтетін жекпе-жек 8 раундқа жоспарланып отыр.

Бұл кездесу Гвоздик-Нгумбу жекпе-жегінің андеркартында өтеді. Бокс кешін Top Rank промоутерлік компаниясы ұйымдастырып отыр. 

Top Rank өзінің Instragram-дағы парақшасында Уәлиханов-Лопес кездесуіне арнап проморолик жариялады.

Хабар 24 телеарнасы