379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


UFC президенті: Хабиб қыркүйекте октагонға оралады

  • 305
  • UPD: 23:18, 27.03.2019
UFC президенті: Хабиб қыркүйекте октагонға оралады ОТВ

Ресейлік файтер Хабиб Нурмагомедов 2019 жылдың 7 қыркүйегінде кезекті жекпе-жегін өткізеді, деп хабарлайды Prosporrts.kz сайты.

Бұл туралы UFC президенті Дана Уайт мәлімдеді. Қарсыласының есімі әлі белгісіз.

«Қыркүйекте Хабиб октогонға оралады. Әзірше ол спорттан уақытша шеттетілген, одан кейін Рамадан. Қыркүйек айын күтіңіздер», – деді UFC басшысы UFC Unfiltered порталына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, қаңтар айында Невада штатының атлетикалық комиссиясы төбелес шығарған Хабибті 9 айға спорттан шеттеген болатын. 

Хабар 24 телеарнасы