376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Өскеменде қоян-қолтық ұрыстан ел біріншілігі өтуде

  • 219
Өскеменде қоян-қолтық ұрыстан ел біріншілігі өтуде

Өскеменде күштік құрылымдар арасында қоян-қолтық ұрыстан ерлер мен әйелдер қатысқан ел біріншілігі өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ішкі істер министрлігі қылмыстық атқару жүйесінің жүлдесі үшін ұйымдастырылған жарысқа Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласы және барлық облыстан 50-ден астам спортшы қатысып, күштерін сынап жатыр. Ерлер 55 тен бастап 90 келіден жоғары салмақ дәрежесі бойынша сайысса, әйелдер 8 түрлі салмақта өзара мықтыны анықтайды. Осы жарыстан озған 9 спортшы Германияда өтетін әлем біріншілігінде ел намысын қорғайды. Ал Өскемендегі жарыс наурыздың 27 мен 29 аралығында өтеді.

Баурыжан Сұлтанов, жарысқа қатысушы:

– Жастайымнан арманым – әлем біріншілігне қатысу. Әлем біріншілігінен жүлдегер болу мен үшін маңызды.

Хабар 24 телеарнасы