389,75 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қайда өтеді?

  • 623
  • UPD: 11:23, 28.03.2019
Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қайда өтеді?

Орта салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Геннадий Головкин (38-1-1, 34 КО) келесі жекпе-жегін маусымда өткізеді және бұл DAZN стриминг қызметімен үш жылдық келісімшарт бойынша алғашқы жұдырықтасу болмақшы.

Бұл жекпе-жекте қазақстандыққа қарсылас ретінде польшалық Камил Шеремета (19-0, 4 KO) мен америкалық Брэндон Адамстың (21-2, 13 КО) есімі аталып отыр, , - деп хабарлайды Vesti.kz.

ExpressNews.com мәліметнше, жекпе-жек өтетін орынға қатысты Головкиннің командасы төрт қаланы қарастырып отыр: Сан-Антонио, Нью-Йорк, Лос-Анджелес және Лас-Вегас.

GGG ісін жүргізетін Том Леффлермен тілдескен промоутер Лестер Бедфордтың айтуынша, Alamodome аренасы (Сан-Антонио) басты орын ретінде қарастырылып отыр, өйткені Головкин Лас-Вегас, Нью-Йорк және Лос-Анджелесте де жұдырықтасқан.

«Бізде Головкиннің жекпе-жегін қабылдауға шынымен жақсы мүмкіндік бар сияқты. Апта соңында анық болады», - дейді Бедфорд.

 

Хабар 24 телеарнасы