379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лопес «Вуэльта Каталония» турында жеңіске жетті

  • 122
  • UPD: 15:15, 29.03.2019

Су добынан Қазақстан ерлер құрамасы әлемдік лиганың ширек финалына шықты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Австралияның Перт қаласында өтіп жатқан жарыста жерлестеріміз өз тобында бірінші орынмен плей-офф кезеңіне жолдама алды. Қазақстан ватерполшылары жартылай финал жолдамасын Оңтүстік Африка Республикасымен сарапқа салады

«Астана» велокомандасының капитаны Мигель Анхель Лопес «Вуэльта Каталония»  көпкүндігінің төртінші кезеңінде жеңіске жетіп, жалпы есепте топ бастады. Колумбиялық велошабандоз 105 шақырымдық кезеңді 4 сағат 2 минут 7 секундта жүріп өтті. Лопес мәреге жеті шақырым қалғанда шабуылға шығып, қарсыластарын қапы қалдырды. «Астана»  капитаны жалпы есепте екінші орында келе жатқан Адам Йейтстен 14 секунд алда тұр. «Вуэльта Каталония»  туры жексенбі күні Барселона қаласында аяқталады.

Мигель Анхель Лопес, «Астана» командасының велоспортшысы:

- Мен әлі толық бабыма енген жоқпын. Дайындық жұмыстары жоспарымен жүріп жатыр. Бүгін тауға қарай жүргенде аздап қиналдым. Сосын алдағы топты қуып жетуге біраз күш салдым. Күн райы да кедергісін тигізді. Тау басында 3 градусты көрсетті. Тоңып қалдым. Соған қарамастан мықтылармен бірге мәреге жеттім.        

Сульшер «Манчестер Юнайтедтің»  бас бапкері атанды

Уле Гуннар Сульшер «Манчестер Юнайтед»  командасының бас бапкері болып тағайындалды. Норвегиялық жаттықтырушы клубпен үш жылдық келісімшартқа отырды. Сульшер желтоқсан айында Жозе Моуриньоны алмастырған еді. Уле-Гуннар бүгінге дейін бас бапкердің міндетін уақытша атқарып келді. Норвегиялық маманның келуімен «Манчестер Юнайтедтің» тынысы ашылды. Команда Сэр Алекс Фергюссон заманын еске түсіріп, Еурокубок пен ағылшын премьер-лигасында атой салды. Сульшер командасы чемпионатта 13 матчтың 10-ында жеңіске жетіп, екі ойынды тең аяқтады. Тек соңғы турда «Арсеналдан»  ұтылды.

Уле Гуннар Сульшер, «Манчестер Юнайтед» ФК бас бапкері:

- Клубқа келген алғашқы күннен өзімді үйде жүргендей сезіндім. « Манчестер Юнайтед»  командасының ойыншысы болғанымды абырой санаймын. Енді, міне, осы клубта жаттықтырушы болып жүрмін. Соңғы айларда керемет тәжірибе жинадым. Барлық бапкерлер мен ойыншыларға, клуб қызметкерлеріне алғыс айтамын. Осы жұмысты армандап келдім. Ұзақ уақыт клубтың бас бапкері болғым келеді. Жанкүйерлер жетістік күтеді. Олардың үмітін ақтауға тырысамыз. 

Хоккей: «Номад» – «Арлан» – 3:1

Шайбалы хоккейден Қазақстан чемпионаты шарықтау шегіне жетті. Алғашқы болып «Бейбарыс» ел біріншілігінің финалына жолдама алды. Атырау командасы жартылай финалда Петропавлдың «Құлагерінен» басым түсті. «Бейбарыс» бас жүлдені «Номад» – «Арлан» жұбының жеңімпазымен сарапқа салады. Бұл жұптың мықтысы жетінші ойында анықталады. Кеше «Номад» хоккейшілері өз айдынында «Арланның» азуын қайтарып, жалпы есептегі таразы тасын теңестіріп кетті. Алтыншы кездесу 3:1 нәтижесімен аяқталды. Енді шешуші ойын ертең Көкшетауда өтеді.

Хабар 24 телеарнасы