378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


WBO чемпионы Головкинмен жекпе-жек жайлы мәлімдеме жасады

  • 346
  • UPD: 14:35, 29.03.2019
WBO чемпионы Головкинмен жекпе-жек жайлы мәлімдеме жасады lentka.com

Бірінші орта салмақта WBO чемпионы Хайме Мунгия (31-0, 26 КО) қазақстандық Геннадий Головкинмен (38-1-1, 34 КО) жұдырықтасқысы келетінін мәлімдеді.

Бұл туралы ол Деннис Хоганмен (28-1-1, 7 КО) 13 сәуірде өтетін жекпе-жек алдындағы баспасөз мәслихатында айтты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

«Өзімді №1 сезінемін. Головкинмен кездесу өткізсек, не боларын ешкім білмейді. Бір жыл бұрын да дайын едім, ал енді өзімді одан да күшті сезініп отырмын. Қазір бар назарым 13 сәуірдегі жекпе-жекте. Осыдан кейін Головкинмен жұдырықтасуға қуанышты болар едім», - дейді Мунгуя.

Еске салайық, Мунгуя 2018 жылы мамырда Головкинге қарсылас болуы керек еді. Алайда Невада штатының Атлетикалық комиссиясы мексикалықтың тәжірибесі жеткіліксіз екенін айтып, GGG-мен жұдырықтасуға тыйым салған еді.

Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қайда өтеді?

Айта кетейік, Мунгуя мен Головкин DAZN стриминг қызметімен келісімшартта. Екі боксшының келісімі үш жылға есептелген.

Хабар 24 телеарнасы