379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева елге оралды

  • 170
Әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева елге оралды

Мәнерлеп сырғанаудан қазақ елінің абыройын асқақтатып, мерейін тасытқан Элизабет елге оралды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Әлемдік додада талайды таңдай қақтырған спортшыны Алматы әуежайынан жанкүйерлері мен журналистер күтіп алды. Естеріңізде болса, бір апта бұрын Жапон жерінде өткен дүниежүзілік жарыста жерлесіміз күміс медаль ұтып, төрттік сальховты алғаш рет орындаған спортшы ретінде тарихқа өз есімін жазған еді. Қазақ еліне ұлыстың ұлы күні үлкен сый жасаған спортшы қыз енді олимпиада ойындарында атой салсам деп армандайды. Өзіне тілеулес болып қолдау білдірген жанкүйерлеріне және талабын ұштай білген білікті бапкері Этери Тутберидзеге Элизабеттің айтар алғысы шексіз. 

Элизабет Тұрсынбаева, әлем чемпионатының күміс жүлдегері:

– Көңіл-күйім керемет. Жақсы жеттік. Өкінішке орай мұнда тек бір-ақ күн боламын. Үлкен қошеметпен қарсы алып жатқан жанкүйерлерге баршаңызға айтар алғысым шексіз. Осы жеңісіме көп ықпалын тигізген ата-анама және бапкерлеріме де ризашылығымды білдіремін.   

Хабар 24 телеарнасы