384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Еуропа чемпионы Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты

  • 423
Еуропа чемпионы Головкинмен жұдырықтасудан бас тартты prosports.kz

Орта салмақта Еуропа чемпионы Камил Шеремета қазақстандық боксшы Геннадий Головкинмен жұдырықтаспайды.

Бұл туралы польшалық боксшының промоутері Анджей Василевский мәлімдеді. Геннадий Головкиннен бөлек, Камил Шереметаға WBC уақытша чемпионы Джермалл Чарломен жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс түскен. Алайда ол әзірге мұндай жоғары дәрежедегі жекпе-жектерге дайын емес екенін жеткізген.

Айта кетейік, 29 жастағы америкалық боксшы Брэндон Адамс қазақстандық Геннадий Головкиннен ұсыныс түскенін мәлімдеген болатын.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы