389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

  • 539
  • UPD: 09:59, 30.03.2019
Қостанайда кикбоксингтен Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр

Қостанайда кикбоксингтен жасөспірімдер мен ересектер арасында Қазақстан чемпионаты өтіп жатыр.

Жарыс Кеңес Одағының спорт шеберлері Асылхан Бұсырманов пен Марат Бегежановты еске алуға арналған. Балуандар «фулл-контакт» әдісі бойынша өзара үздіктерін анықтайды. Жеңіске жеткендер ұлттық құрама сапында Босния және Герцеговинада өтетін әлем біріншілігіне жолдама алады. Одан әрі Анталияда дүниежүзілік додада ел намысын қорғайды. Ал республикалық чемпионат 30-шы наурызда аяқталады.

Сұлтан Қуандық, чемпионаттың бас төрешісі:

- Бұл чемпионатта Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 288 спортшы қатысуда. Жарыстың маңызы әлем чемпионатына алдын ала іріктеу жастар мен ересектер арасындағы.

Хабар 24 телеарнасы