379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Лука Йович «Барселонаға» ауысуы мүмкін

  • 136
  • UPD: 16:31, 30.03.2019
Лука Йович «Барселонаға» ауысуы мүмкін Рамблер/спорт

«Айнтрахт» шабуылшысы Лука Иович алдағы жазды каталондық «Барселона» клубының ойыншысы атануы мүмкін, деп хабарлайды испандық БАҚ.

Marca мәліметіне сенсек, Йовичты қатарына қосқысы келетін командалардың арасында «Барселонаның» бәсі жоғары.

Сондай-ақ Сербия құрамасының ойыншысына «Интер», «Милан», «Наполи», «Арсенал» және «Челси» клубтары көз тігіп отыр.

Лука Иович биылғы маусымда 36 ойын өткізіп 22 гол соққан.

Сербиялық  ойыншының келісімі «Бенфикаға» тиесілі. Ол «Айнтрахтта» жалда жүр. Transfermarkt сайты шабуылшыны 55 миллион еуроға бағалауда.

Ақпарат көзі: prosports.kz

Хабар 24 телеарнасы