379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Ильфат Абдуллин садақ атудан Азия кубогын иеленді

  • 166
  • UPD: 23:14, 30.03.2019
Ильфат Абдуллин садақ атудан Азия кубогын иеленді

Таиландтың Бангкок қаласында садақ атудан Азия кубогы аяқталып, мергендер бәсекесінің соңғы жарыс күнінде Қазақстан қоржынына алтын медаль, түсті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Қазақстан командасының мүшесі Ильфат Абдуллин классикалық садақ атудан Азия кубогын еншіледі. Осы бағдарлама бойынша қола медальді тағы бір спортшымыз Санжар Мұсаев иеленді. 

Классикалық түрде садақ атудан командалық сында Қазақстанның ерлер және әйелдер құрамасы 4-орынға табан тіреді. 

Осылайша, Бангкок төріндегі турнирден қазақстандықтар жалпы есебі бес медаль жеңіп алды.

Хабар 24 телеарнасы