380.89 423.60 5.90
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Су добы: Қазақстан құрамасы үшінші орынға таласады

  • 200
  • UPD: 22:26, 30.03.2019
Су добы: Қазақстан құрамасы үшінші орынға таласады

Австралияның Перт қаласында су добынан әлемдік лига аясында өтіп жатқан Интерконтинентальді турнирде Қазақстан ерлер командасы ұтылып қалды, деп жазады Olympic.kz.

Ватерполшыларымыз жартылай финалда Жапонияға 7:12 есебімен жол берді. Енді Қазақстан құрамасы Австралия мен Канада арасындағы жеңімпаз командамен қола жүлдеге таласады.

Ал Жаңа Зеландияны 14:12 есебімен ұтқан Қазақстан әйелдер командасы 5-ші орын үшін Жапонияға қарсы ойнайды.

Хабар 24 телеарнасы