378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футбол: Боруссия – Вольфсбург – 2:0

  • 141
  • UPD: 12:37, 31.03.2019
Футбол: Боруссия – Вольфсбург – 2:0

Топ басында - Дортмундтың Боруссиясы.

«Вольфсбургты» қабылдаған Люсьен Фавр шәкірттері шын мәнінде тең нәтижені де қанағат тұтушы еді. Ойын соншалықты қызықты өрбіді дегенге келмейді. Қос қарсылас та көбіне қорғанысқа көңіл бөлді. Допта алаңның орта тұсында ұстады. Екі команданың қақпаға бағыттаған соққысын қоса есептегенде сегізге әрең толады. Тіпті тоқсаныншы минутқа шейін матчта есеп ашылуы некен саяқ еді, егер Пако Алькасер болмағанда. Испания шабуылшысы қосымша уақытта айып добын сауатты орындап, Кун Кастелс қақпасынан саңылау тапты. Ұрымтал сәтті әлгі Алькасер тағы да тиімді пайдаланып, Кун қақпасына тағы бір гол соқты. Қортынды есеп 2:0. «Боруссия» жиырма жеті турдан кейін 63 ұпай жинап, «Баварияның» алдын орады. Мюнхен командасы екінші орында.

Хабар 24 телеарнасы