379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Футбол: Фрайбург - Бавария - 1:1

  • 122
  • UPD: 12:37, 31.03.2019
Футбол: Фрайбург - Бавария - 1:1

«Бавария» топ бастаудан жалыққан емес. Әйтсе де «Фрайбургке қарсы ойында сүрініп, «Боруссияның» көш тізгінін қолға алуына мүмкіндік берді.

Қайта бірінші таймда таразы басын теңестіріп үлгерген екен. Үзілістен кейін алаң иелерінің қорғанысы сыр берген жоқ. Әсіресе қақпашы Александр Шволовтың еңбегі ерен. Матчтағы үздік ойыншы да Александр шығар. Мюнхеннен келген сұрмергендердің соққысын қайтарып, доптың жолын тосты. Кездесудің төртінші минутында Лукас Хёлер есеп ашты. Матса Хуммельсты сан соқтырып. Қақпашы Ульрайх та дәрменсіз еді. «Бавария» таразы басын теңестіруге тырысты. Леон Горецка қисық тепті. Томас Мюллер Роберт Левандовскийді доппен тауып еді, поляк ойыншысы мүлт кетті. Дегенмен Левандовский 22 минутта мақсатына жетті. Қалған уақытта қарсыластар алма-кезек шабуылдағанымен, есеп өзгерген жоқ.

Хабар 24 телеарнасы