378.56 423.83 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық таеквондошы «German Open G1» турнирінде чемпион атанды

  • 200
Қазақстандық таеквондошы «German Open G1» турнирінде чемпион атанды Olympic.kz

Германияның Гамбург қаласында таеквондодан «German Open G1» рейтингілік турнирі өтуде.

Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан құрамасы 7 медаль жеңіп алды. Оның біреуі алтын, алтауы қола медаль деп хабарлайды Olympic.kz. 

74 келіде сынға түскен Лес Әбдусамат қарсылас шыдатпай, жарыс жеңімпазы атанды. Бұл қазақстандық жас спортшының халықаралық ірі турнирдегі алғашқы жеңісі. 

Сондай-ақ, 54 келідегі Самат Темірхан мен Сапарғали Әбдірашев, 58 келідегі Елдос Ысқақ, 74 келідегі Нұрсұлтан Мамаев пен Нұрқанат Қожахмет және 73 келідегі Жансель Дениз рейтингілік турнирде үздік үштікке енді. 

Хабар 24 телеарнасы