377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Юлия Путинцева WTA рейтингінде ТОП-40 енді

  • 270
  • UPD: 13:03, 01.04.2019
Юлия Путинцева WTA рейтингінде ТОП-40 енді Sports.kz

Әйелдер теннис қауымдастығы (WTA) жеке және жұптық разрядта спортшылар рейтингін жаңартты.

Әлемнің бірінші ракеткасы атағын жапондық Наоми Осака сақтап қалды. Екінші орынға румыниялық Симона Халеп көтерілсе, үштікті чехиялық теннисші Петр Квитов тұйықтап тұр, деп хабарлайды Қазақпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Қазақстан өкілі Юлия Путинцева алты орынға көтеріліп, 38-ші орынға жайғасты. Зарина Дияс 15 позицияны жоғалтып, ТОП-100 рейтингінен шығып қалды - 107. Қазақстандықтар арасында алғашқы жүздікке жақындағандардың ішінде Елена Рыбакина өз орнын 20 позицияға жақсартып, 143-ші болды.

Жұптық разрядта Галина Воскобоева 63-орыннан 62-ге көтерілді.

Хабар 24 телеарнасы