379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қостанайда кір тасын көтеруден ел біріншілігі өтті

  • 139
Қостанайда кір тасын көтеруден ел біріншілігі өтті

Қостанайда кір тасын көтерушілер өзара мықтыны анықтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазақстан чемпионаты жастар, жасөспірімдер, қыздар мен ардагерлер арасында өтті. Еліміздің 12 өңірінен 150-ге жуық қатысушы сынға түсті. Үш күнге созылған бәсекеде командалық бірінші орынды Қостанай облысы жеңіп алды. Үздік атлеттер ұлттық құрама қатарына іріктелді. Олар әуелі Еуропа мен Азия біріншілігінде өнер көрсетіп, одан кейін биыл Сербияда өтетін әлем чемпионатына дайындықты бастайды.

Серік Ерішұлы, ҚР мемлекеттік жаттықтырушысы:

– Қазақстан әлемдік чемпионаттарда жүлделі орындарға ие болып жүр. Қазақстан өңірлерінде кір спорты жақсы дамуда.

Хабар 24 телеарнасы