379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Сарыарқа» жоғарғы хоккей лигасы жартылай финалындағы үшінші кездесуін өткізеді

  • 135
  • UPD: 13:05, 02.04.2019
«Сарыарқа» жоғарғы хоккей лигасы жартылай финалындағы үшінші кездесуін өткізеді

Бүгін «Сарыарқа» командасы жоғарғы хоккей лигасының жартылай финалдағы үшінші кездесуін өткізеді. Қарағанды хоккейшілері Санкт-Петербургтың «СКА-Невасын» қабылдайды. Петров кубогы жолындағы жарыстың алғашқы екі кездесуі Петербургта өтіп, «Сарыарқа» екі ойында да басым түскен болатын. Төрт жеңістен тұратын серияның үшінші кездесуі елорда уақытымен кешкі тоғызда басталады.

«Реал» командасының бас бапкері Зинедин Зидан Испан премерасының 29-шы турында өз ұлын алаңға шығарды. 20 жастағы қақпашы Лука Зидан «Уэскамен» болған кездесуде негізгі құрамда ойнады. Атақты француз футболшысының баласы шеберлігімен көзге түсе қойған жоқ. Матчтың үшінші минутында кіші Зидан қақпасынан доп алып шығуға мәжбүр болды. Алайда королдік клуб 3:2 есебімен жеңіске жетті. «Реал» биыл испан кубогымен чемпиондар лигасынан шығып қалды. Ла Лигада «Барселона» ұзап кетті. Дәл қазір үшінші орында келе жатқан «Реал» мен Каталония командасының арасын 12 ұпай бөліп тұр. Сондықтан бас жүлденің де ауылы алыс. Лука Зидан 2004 жылдан бері "Реалдың" жасөспірімдер командасында жүр. Қазір ол корольдік клубтың үшінші қақпашысы. Негізгі құрамда Тибо Куртуа мен Кейлор Навас секілді мықтылар бар. 

Зинедин Зидан, «Реал» Мадрид ФК бас бапкері:

- Матч тартысқа толы болды. Әдемі кездесу көрдік. Қарсылас команда тамаша ойын үлгісін паш етті. Бізге біраз терлеуге тура келді. Лука менің ұлым. Бірақ оған балам деп қарамаймын. Ол да басқалар секілді команданың бір мүшесі. Лука мінезді ойыншы алаңға шығуға дайын. Біз алғашқы голды өз қателігімізден жіберіп алдық. Жалпы жақсы ойнадық.   

«Расинг» футболдан Аргентина біріншілігінің аяқталуына бір тур қалғанда ел чемпионы атанды. Команда 2014 жылғы жетістігін қайталады. «Расинг» бас жүлдемен қоса Либертадорес кубогіне да жолдама алды. Латын Америкасындағы басты турнирге «Дефенса Хустисия» мен «Бока Хуниорс» та шықты. Енді төртінші жолдаманы «Ривер Плейт» пен «Атлетико Тукуман» сарапқа салады. Ал «Расинг» фанаттары чемпиондық атақты тойлауға кірісіп кетті. Ел астанасы Буэнос-Айресте  мыңдаған футбол жанкүйерлері көшеге шықты.

Хабар 24 телеарнасы