379.41 429.60 5.91
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстан U-19 ЕУРО-2019 іріктеуінде үш ойында ұтылды

  • 163
  • UPD: 17:47, 02.04.2019
Қазақстан U-19 ЕУРО-2019 іріктеуінде үш ойында ұтылды

Футзалдан Қазақстан жасөспірімдер құрамасы 2019 жылғы Еуропа чемпионатының негізгі іріктеу турнирінде Франция, Польша және Финляндия құрамаларымен кездесті.

Қазақстан U-19 құрамасының ойын нәтижелері:

Қазақстан U-19 – Франция U-19 – 3:7 (1:1)

Голдар: Сәрсенбаев 15, 36, Ким 25 – Дельберг 4, 26, Бетга 25, Туре 31, 38, Ламбер 39, Мелен 39.

Польша U-19 – Қазақстан U-19 – 5:1 (2:0)

Голдар: Палонек 10, 22, Матрас 15, Матлега 34, Боровик 38 – Катубаев 23.

Қазақстан U-19 – Финляндия U-19 – 0:3 (0:1)

Голдар: С.Кохонен 10, Т.Кохонен 35, Кайкконен 36.

Турнирге қатысқан ойыншылар тізімі:

Қақпашылар: Нарын Серіков («Қайрат»), Бақдәулет Өмірзақов («Аят»)

Алаңдағы ойыншылар: Бекзат Төлеутай, Ерсұлтан Өтегенов, Вадим Пастарнак, Вадим Булдин (барлығы – «Аят»), Әлішер Сәрсенбаев, Нұрсат Көшербаев, Ербазы Қуанышбек (барлығы – «Інжу»), Марк Ким, Бекзат Рахымтаев, Темірлан Қатыбаев, Әсет Сағынаев, Ертуған Төлеубеков, Лев Ким (барлығы – «Қайрат»).

Аға жаттықтырушы – Қанат Танақпаев.

Хабар 24 телеарнасы