379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық триатлоншы Африка кубогында топ жарды

  • 139
  • UPD: 23:55, 02.04.2019
Қазақстандық триатлоншы Африка кубогында топ жарды Ostov.info

Египеттің Шарм-эль-Шейх қаласында триатлоннан Африка кубогі мәресіне жетті, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Әлемнің жеті елінен жалпы есебі 40 спортшы бақ сынаған турнирге Қазақстан атынан үш спортшы қатысқан болатын. 

Жарыс қорытындысы бойынша Қазақстан жастар құрамасының мүшесі Ашраф Камалова жеңімпаз атанды. Осы санатта сынға түскен Надежда Бекмағанбетова төртінші орында. 

Ерлер арасындағы турнирде Дэнис Туницкий үздік төрттікке енді. 

Хабар 24 телеарнасы