376.99 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Елордада шахматтан турнир өтіп жатыр

  • 154
  • UPD: 23:47, 02.04.2019

Елордада студенттер арасында гросмейстер Динара Сәдуақасованың кубогы үшін шахматтан турнир өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жарысқа еліміздің әр өңірінен жүзден аса жас қатысуда. Турнир жеке командалық есепте FIDE көрсеткішімен есептеледі. Шара биылғы Жастар жылына орай ұйымдастырылды. Жүлде қоры – бір жарым миллион теңге.

Айта кетейік, Динара Сәдуақасова – шахматтан бірнеше дүркін әлем чемпионы, әйелдер арасында халықаралық дәрежедегі гроссмейстр.

Динара Сәдуақасова, халықаралық дәрежедегі гроссмейстер:

- Бірінші кезекте осы турнирге қатысушылар өздерінің шахмат ойнау техникасын жақсартады деп үміттенемін. Шара барысында олар  өзгелермен тәжірибе алмасады. Жаттыға түседі. Мұндай алаңда шахматшылар шыңдала түседі. Жарысқа қатысушы жастардың белсенділігі жоғары. Бұл мені қуантады.

Хабар 24 телеарнасы