379.19 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


«Барыс» ҚХЛ-дың бірнеше ойынын Алматыда өткізбек

  • 240
  • UPD: 12:19, 03.04.2019

«Барыс» құрлықтық хоккей лигасының бірнеше ойынын Алматы қаласында өткізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жайында астаналық команданың президенті Борис Иванищев мәлімдеді. Лига бірінші қыркүйекте басталады. Бұл уақытта елордадағы «Барыс-Аренада» өзге іс-шаралар жоспарланған. Мысалы күзде күрес түрлерінен әлем чемпионаты өтеді. Қазір құрлықтық хоккей лигасындағы командалар мұз айдындарының көлемін қысқартып жатыр. Биылғы маусымда «Барыс» та мұз айдынын ұлттық хоккей лигасындағы үлгіге көшіреді. «Канадалық» форматтағы мұз айдыны бас бапкер Андрей Скабелкаға да ұнайды. Беларусь маманы Солтүстік Америкалық үлгіге өткен маусымда көшуді сұраған екен. Алайда мамандар мұз айдынын ұлттық құрамалар арасындағы әлем чемпионаты аяқталған соң өзгертуді жөн көріпті.

Борис Иванищев, «Барыс» ХК президенті:

- Жаз айында мұз қорабын қысқартуды жоспарлап отырмыз. 2022 жылы халықаралық хоккей федерациясы толықтай кіші айдынға көшеді. Сондықтан осы үлгіге дайын болу үшін ертерек үйрене беру керек. Негізі ұлттық хоккей лигасындағы мұз қорабына былтыр ауысуды жоспарлаған едік. Алайда елордада әлем чемпионаты өтетін болғандықтан, кейінге шегердік.

Хабар 24 телеарнасы