388,95 435,25 6.12
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстандық каратэшілер ел тарихында төртінші рет әлем чемпионы атанды

  • 455
  • UPD: 22:56, 03.04.2019

Жапония астанасы Токиода өткен бәсекеде көкшетаулық спортшы Әділ Тәшімнің жұлдызы жанды. Ал бұл облыс үшін алғашқы алтын.

Әділдің алтын медалінен бөлек, көкшетаулықтардың қоржынында екі күміс және екі қола жүлде бар.

21 жасар Әділ каратэмен 9 жасынан бастап айналысып келеді. Жылдар бойғы табанды еңбектің нәтижесі, енді ол – ауыр салмақтағы Қазақстанның ғана емес, халықаралық деңгейдегі спорт шебері. Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шыққан жас жігіт, енді мұнымен тоқтап қалмақ емес.

Әділ Тәшім, каратэ-додан халықаралық деңгейдегі спорт шебері:

- Жапонияның Токио қаласындағы Әлем чемпионаты өте жоғары деңгейде өтті. 2 мыңнан астам спортшылар қатысты. Мен 4 жекпе-жек өткіздім. Жартылай финалда мен Жапонияның спортшысымен шықтым. Оны 4:2 есебімен жеңдім. Соңғы ақтық сайысында мен Мексиканың баласымен шықтым. Оны 4:5 есебімен жеңдім.

Бұл чемпион жігіттің Токиодағы шешуші сайыстары. Әділден бөлек, Никита Дик, Шахман Мәжитов, Ульяна Григорчук, Илья Дик секілді спортшылар күміс және қола медальдарға ие болды. 

Ал жеңімпаздардың чемпиондардың барлығы осы бір шағын ғана залда дайындалады. Бірақ олар жаттығу залы тар, жағдай нашар деп ешқашан налыған емес. Керісінше жыл сайын жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп келеді. Сондықтан да Дүниежүзілік Каратэ-до федерациясы ақмолалық каратэшілерді қатты бағалайды.

Сәкен Рахымжанов, Ақмола облыстық каратэ-до федерациясының президенті:

- Көкшетаудың каратэсі, Ақмола облысының каратэсі тек қана Қазақстанда ғана емес, бүкіл әлем десек артық айтқандық емес. Өйткені біздің балалар 2006 жылдары Лас-Вегаста өткен Америкада 4 баламыз чемпион мира болды. Пекинде өткен чемпионат мираларда, бірнеше рет Азия чемпиондары болды. Мына бүгінгі мынадай кішкентай тар залда осындай дәреже көрсетіп жатқаны сол балалардың үлкен ынтасы спортқа деген. Тренерлердің ынтасы.

Ақмола облысында каратэ-до спортымен 500-ден астам адам тұрақты түрде айналысады. Әрі олардың қатары жыл санап көбейіп келеді. Көкшетаулық каратэшілердің ендігі арманы Олимпиада шыңын бағындыру.

Авторлары: Дамир Берікұлы, Анатолий Полянный

Хабар 24 телеарнасы