377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Келісілген ойындарды қалай анықтауға болады?

  • 131
  • UPD: 15:23, 04.04.2019

Букмекерлік кеңселердің баға белгілеудегі өзгерістерін бақылау.

Осындай тегін қызмет түрі Ресейде іске қосылды, деп хабарлайды «Хабар 24» тілшісі. Бұл келісілген спорттық додаларды алдын ала білуге мүмкіндік береді. Келісілген матчтарға қатысты Ресей спортында бірқатар мәселе бар. Алайда ондай ойындарды анықтап, астыртын келісім жасаушыларды жазалау механизмі жоқтың қасы.

Онлайн режимдегі график Ресейдегі барлық букмекерлік кеңселер бойынша коэффиценттер ауытқуын көрсетеді. Айнымалының шұғыл өзгерісі күдік тудыратын қомақты қаржы ағынын бақылауға мүмкіндік береді. Бұл келісілген ойындарды білдіреді. Қызметтің осындай түрін ойлап тапқандар «бұған 70 пайыз сенім артуға болады» дейді.

Арам Погосян, келісілген матчтарды анықтайтын сервистің авторы:

- Компьютерлік бағдарлама көмегімен кей ойындардың келісілгені белгілі болды. Сондай ойындардың тарихын зерттей отыра, мұндай мачтарды анықтауды автоматтандыруды жалғастырмақпыз. Мақсатымыз – бұл туралы тиісті органдарға хабарлап, шара қолдану. Яғни біз осындай жағдайларды анықтап, мәліметтерді үшінші тарапқа береміз. Біз букмекерлерлік федерациялармен тығыз жұмыс істейміз. Қолға түскен мәліметтер бойынша тиісті тергеу жүргізіледі. 

Ресейдің төменгі футбол дивизиясындағы кәсіби футболшылардың орташа жалақысы – 200 мың рубль. Ал келісілген мачтарда аяқдопшылар бұдан да көп ақша табады. Бұдан ұтылатын букмекерлер. Сондықтан мұндай келісілген ойындарды анықтау олар үшін аса маңызды. Бейресми статистикаға сәйкес, алдын ала келісілген мачтар төменгі дивизиондар маусымының соңында көп байқалады. Мұндай ойындарды анықтау бір бөлек те, алдын ала келісілгенін дәлелдеу бір бөлек. Футбол одағы жанындағы бұрынғы комиссия дәл осы себеппен таратылған еді. Өйткені оның бұл бағыттағы жұмысы тиімсіз болатын.

Андрей Бодров, спорт журналисі:

- Бұл – өте бір ыңғайсыз тақырып. Әрине, мұндай түйтклдің бары белгілі. Әйтпесе Ресей футбол одағы жанынан келісілген мачтарды анықтайтын комиссия құрылмас еді. Бұл жұмысты оңтайландыру мақсатында комиссияны таратып жіберген. Оның үстіне мұндай істермен құзырлы құқық қорғау органдары айналысуы қажет. Алайда әзірге алға ілгерілеушілік байқалмайды. Соңғы екі-үш жылда билік немесе құқық қорғаушылардан хабарлама түспеді. Бір сөзбен айтқанда, маусым кезінде ресейлік премьер-лигадан бірнеше рет дабыл қағуы мүмкін.

Жуырда ғана теңбіл доп әлемінде шу шыққан. Кипр баспасы соңғы екі жылда қылмыстық топ осы аралда достық мачтың желеуімен отызға жуық келісілген ойындарды ұйымдастырғаны жайлы журналистік зерттеу жариялады. Оған Ресейдің 15 клубы қатысқан. Ұлттық футбол лигасы бұл мәселеге қатысты қандай да бір мәлімет берген жоқ. Ал Ресейдің футбол одағы келісілген мачтармен күрес жөнінде жаңадан комитет құратынын хабарлады.

Авторлары: Дана Нұржан, Александр Любителев

Хабар 24 телеарнасы