389,96 432,20 6.10
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Хоккей: «Сарыарқа» финалға шықты

  • 430
  • UPD: 15:21, 04.04.2019

Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы Қытайда өтетін әлем чемпионатына аттанды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Біздің бұрымды хоккейшілер бірінші дивизионның Б тобында ойнайды. Александр Мальцев шәкірттері әлем біріншілігіндегі алғашқы ойынын 6 сәуірде Польшамен өткізеді. Қазақстанмен бір топта Латвия, Корея, Голландия және Қытай құрамасы да бар.

Хоккей: «Сарыарқа» финалға шықты

«Сарыарқа» Ресей Жоғарғы хоккей лигасының финалына шықты. Қарағанды командасы плей-офф сериясының жартылай финалында «СКА-Неваның» осал тұсын тапты. Соңғы ойын 4:2 есебімен аяқталды. Қарағанды командасы сапынан Айрат Зиазов пен Олег Ломако мергендік танытып, айдын иелері алға шыққан. Алайда Петербург хоккейшілері қарымта қайтарып, таразы басын теңестіріп кетті. Сосын Максим Кицын мен Павел Махановский матчқа нүкте қойып, «Сарыарқаны» жеңіске жетеледі. Қарағандылықтар төрт кездесуде де басым түсті. Енді олар Петров кубогын «Торос» – «Рубин» арасында жеңіске жеткен командамен сарапқа салады.

Футбол: «Астана» – «Атырау» – 3:1

«Астана» Қазақстан премьер-лигасында көш бастады. Қатарынан төрт ойында жеңіске жеткен елордалықтар 12 ұпаймен алда келеді. Григорчук шәкірттері біріншіліктің кейінге шегерілген 28-турында «Атырауды» қабылдады. «Астана-Аренадағы» матч 3:1 есебімен алаң иелерінің пайдасына аяқталды. 17-минутта Жуниор Кабананга есеп ашты. Тайм соңына қарай «Астана» сапына жаңадан қосылған Дорин Ротариу нәтижені еселей түсті. Үзілістен кейін Абзал Бейсебеков мергендік танытты. «Атырау» сапынан жалғыз голды Ринат Жұматов соқты. Премьер-лиганың кезекті туры сенбі күні жалғасады. «Астана» «Қайсарға» қонаққа барады. Қызылордадағы кездесу жексенбіге жоспарланған.

Футболшы Патрис Эвраның үстінен іс қозғалды 

Париж прокуратурасы футболшы Патрис Эвраның үстінен қылмыстық іс қозғады. «Манчестер Юнайтед» пен Франция құрамасының бұрынғы ойыншысына біреудің жеке басына тіл тигізген деген айып тағылды. Эвра Чемпиондар лигасында ПСЖ мен «Манчестер Юнайтед» арасындағы кездесуден кейін әлеуметтік желіде француз командасын келекелеп, жеке басқа қатысты кемсітушілік сөздер айтқан. Осы жазбадан кейін елдегі құқық қорғау ұйымдары полицияға арыз беріпті. «Спорттың қоғамға әсіресе жастарға әсері көп. Сондықтан жеке басқа тиіскендерге қатаң тосқауыл қою керек, – дейді мамандар.

Серена Уильямс қызымен жарнамаға түсті

Атақты теннисші Серена Уильямс кішкентай қызы Олимпиамен жарнамаға түсті. Бейнероликте спортшы бүлдіршінмен ойнап жүргені көрсетілген. «Олимпиа өте тынымсыз. Ол анасына тартқан. Оған жарнамаға түскен ұнаған секілді. Қазірдің өзінде кәсіби мамандармен еркін араласып кетті», – дейді теннисші.

Хабар 24 телеарнасы