379.54 427.25 5.93
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қазақстанда бізді ешкім қолдаған жоқ - Фируза Шарипова

  • 156
  • UPD: 13:53, 04.04.2019
Қазақстанда бізді ешкім қолдаған жоқ - Фируза Шарипова prosports.kz

Фируза Шарипова чемпиондық белбеуінен айырылып қалуына байланысты пікір білдірді.

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шарипова чемпиондық белбеуінен айырылып қалуына байланысты пікір білдірді, деп хабарлайды prosports.kz.

«Бүгін ақпарат құралдарынан IBO әлем чемпионы атағы мен WBC Silver белбеуінен айырылғанымды білдім. Алайда, біз әлі бұл ұйымдардың ресми мәлімдемелерін алған жоқпыз. Бірақ менің ойымша, көп кешікпей ресми мәлімдемелерді аламыз. Өйткені біз бір жылдан астам уақыт чемпиондық атағымды қорғаған жоқпыз.

Ал ереже бойынша чемпиондық атақты қорғап тұру керек. Былтыр жыл соңында WBC және IBO әлем чемпионы атағы үшін Ева Вальстреммен жекпе-жек өткізуді жоспарлаған едік. Алайда қаржылық мәселелер бұған кедергі болды. Мәдениет және спорт министріне және әкімдерге хат жазып, қаржылай көмек сұрадық. Өкінішке қарай, бізге қаражат табылмады.

Әзірге мен WIBA нұсқасы бойынша әлем чемпионымын. Ал қалған атақтардан айырылу менің және командамның кінәсі емес. Мен белдеулерімді шайқаста жоғалтқан жоқпын. Өкінішке орай, Қазақстанда бізге ешкім қолдау көрсетпеді.

Қазіргі уақытта 63,5 келі салмақ дәрежесінде әлем чемпионы титулын иелену үшін жұмыс істеп жатырмыз. Қазір демеуші іздестіру үстіндеміз, бұл мәселе әлі шешілген жоқ. Біз Мәдениет және спорт министрлігі мен қазақстандық кәсіпкерлердің қолдауын күтіп отырмыз», - деді Шарипова.

Хабар 24 телеарнасы