384,77 427,95 6.05
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Гран-при: Сметов алтын, Отгонцэцэг күміс медаль иеленді

  • 710
  • UPD: 23:38, 05.04.2019
Гран-при: Сметов алтын, Отгонцэцэг күміс медаль иеленді massaget.kz

Түркияның Анталия қаласында дзюдодан кезекті Гран-при турнирінің бірінші жарыс күні өтуде.

60 келіде белдескен Елдос Сметов финалда жеңіске жетіп, турнир жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Ақтық сында Сметов өзбекстандық Кемран Нуриллаевпен белдескен болатын. Алғашында «юко» ұпайын алған қазақстандық спортшы кейін қылқындыру әдісін жасап, таза жеңіске жетті. 

Осылайша, жарақатына байланысты Екатеринбургтегі Grand Slam турнирінен сырт қалған Елдос Сметов Анталияда атой салды. 

Ал әйелдер арасында 48 келі салмақта күрескен Галбадрах Отгонцэцэг финалда косоволық спортшыға есе жіберіп, турнирдің күмісіне иелік етті. 

Хабар 24 телеарнасы