377.33 425.55 5.92
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz
ҚАЗ


Қызылордада алғаш рет парадзюдодан халықаралық турнир өтті

  • 85
Қызылордада алғаш рет парадзюдодан халықаралық турнир өтті

Қызылордада парадзюдодан халықаралық турнир өтті.

Өңірде алғаш рет ұйымдастырылған байрақты бәсекеге Америка Құрама Штаттары, Біріккен Араб Әмірлігі, Грузия, Ресей, Румыния және отандық балуандар қатысты. «Мұз айдыны» спорт кешенінде жайылған татамиге көтерілген ерлер 8, ал әйелдер 1 салмақ дәрежесі бойынша күресті. Жарыста румындық Болога, грузин спортшылары Гамзашвили, Гоготцур, Чикоидзе топ жарды. Ал қазақстандықтар қатарынан Ерғали Шәмей, Теміржан Дәулет және Ғалымжан Смағұл турнир жеңімпазы атанды. Бұрымдылардың финалдық белдесуінде Зарина Байбатина отандасы Айдана Кенжебайды ұтып, алтыннан алқа тағынды. Мамандар мүмкіндігі шектеулі жандардың жеңіске, жалпы өмірге деген құлшыныс-жігерін атап өтті. Ұлттық құрама сапында Қызылорда облысы атынан 5 спортшы өнер көрсетті.

Хабар 24 телеарнасы